Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқыны кезінде малынан айырылған ақтөбеліктерге 216 млн теңге өтемақы төленді

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысындағы жағдай. Фото: primeminister.kz

Ақтөбе облысында су тасқынынан өлген мал иелеріне 215 миллион теңгеден астам өтемақы төленді. Бұл туралы облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған мәлімет бойынша, Ақтөбе облысында су тасқыны кезінде 3232 бас мал өлегн.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, бүгінгі күні 1202 бас малға 215,7 млн теңге төленді.

"Тасқын салдарын жою мақсатында құрылған арнайы комиссия әлі де жұмыстарды жалғастырады. Шығынды есептеумен қатар өтеу де қолға алынған", - делінген хабарда.

Әкімдік ақпаратында су тасқыны кезінде қырылған мал өтемақысын төлеудің алгоритмі бар екені айтылған.

Ол үшін өлексесі, сырғасы болуы керек әрі ауыл шаруашылығы базасында тіркелгені расталуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096636-su-tasqyny-kezinde-malynan-aiyrylgan-aqtobelikterge-216-mln-tengge-otemaqy-tolendi/