Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы аудандардың бірінде барлық балабақша жабылды

Опубликовано:

Балабақша
Балабақша. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысының Махамбет ауданында су тасқынына байланысты барлық балабақша уақытша жабылды. Мұндай мәлімдемені жедел штаб өкілдері жасаған, деп хабарлайды 24KZ телеарнасы.

Жедел штаб өкілдері кейінгі күндері Жайық өзенінде су деңгейі шекті деңгейден асқанын еске салды. Осы себепті дүйсенбі, 6 мамырдан бастап Махамбет ауданындағы барлық балабақшаның жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданған.

Сондай-ақ ведомство өкілдерінің мәліметінше, құтқарушылар Сарайшық ауылы маңында жолды су шайып кетуінің алдын алған.

Айта кету керек, Атырау облысында су тасқыны жағдайы әлі де күрделі болып отыр. Мұнда су тасқынына байланысты енгізілген төтенше жағдай әлі де жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатқаны хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096642-atyrau-oblysyndagy-audandardyng-birinde-barlyq-balabaqsha-zhabyldy/