Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-министр Қуандық Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев сот залында
Қуандық Бишімбаев сот залында. Фото: t.me/Jogargy_sot

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша сот отырысы аяқталуға таяп қалды. Бүгін сотта сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алдымен сөз алған Қуандық Бишімбаев тағдыры алқабилердің қолында екенін атап өтті.

"Алқабилер сотын өткізу менің таңдауым болды. Бұл мен үшін оңай таңдау болған жоқ, өйткені елде мұндай іспен бетпе-бет келген адам жоқ екенін түсіндім. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та маған қарсы өшпенділік тудыру, жағдайды бұрмалау, мені және менің отбасымды қаралау мақсатында жүргізілген науқандарды ескере отырып, кез келген алқабидің маған қарсы пікір білдіруі мүмкін екенін түсіндім.

Осыған қарамастан, мен және менің қорғаушыларым алқабилердің қатысуымен БАҚ өкілдері үшін ашық сотқа баруды шештік. 10 адамға сол кеш туралы және Салтанатпен қарым-қатынасымыз туралы шындықты жеткізіп, кем дегенде 10 адамның менің пікірімді тыңдауына мүмкіндік алуды мақсат еттім.

Алланың қалауымен сіздер маған сот болдыңыздар. Бәлкім, бұл дүниеде оңай ештеңе жоқ шығар, бәріміз сыналамыз. Сіздер Құдайға сенетін болсаңыздар, ал мен оның бізді сынайтынына сенемін. Сол түні мен бұл сынақтан өте алмадым, бойымдағы, яғни әр адамда бар жақсыны қорладым.

Мен мұны терең түсінемін, өкінемін, күн сайын өкінемін. Менің іс-әрекетім мен сүйген адамның өліміне, оның отбасы мен достарының қайғысына себеп болды. Олардан, сезімі қор болған барлық адамнан кешірім сұраймын.

Ата-анамнан, балаларымнан, достарымнан кешірім сұраймын, менің қателіктерім оларды қапаландырды, өміріне ұят, қайғы, уайым мен қорқыныш әкелді. Бірақ, ата-анамның, туыстарымның еш кінәсі жоқ екенін айтқым келеді. Бұл тек менің кінәм және менің ауыртпалығым", - деп оқыды қағазға жазылған сөзін Бишімбаев.

Сотталушы ешқашан ешкімге өлім тілемегенін айтты.

"Сол күні кеште мен әйеліме өлім тілеген жоқпын. Жағдай сондай болады деп ойлаған жоқпын. Кінәлімін, бірақ қасақана өлтіруге емес.

Ұсталғаннан күннен бері шындықты айтып келемін, жасырынуға және жауапкершіліктен жалтаруға тырысқан жоқпын. Мен қамауға алынғаннан кейін бір-екі күн өткен соң, ешбір негізсіз, сараптамасыз және оны растайтын қорытындысыз асқан қатыгездікпен қасақана кісі өлтірді деген айып тағылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде көзі ағып кеткені, ойық туралы ақпарат пайда болды, сол күннен бастап тергеу айыптау сарынында жүрді", - деді ол.

Ол тағы да Салтанаттың қасақана өлтірілмегенін айтты. Оның сөзінше, бұған сараптама қорытындысы дәлел.

"Оның барлық ағзасы, сүйектері, бас сүйегі зақымданбаған, терең жарақаттар жоқ, бірінші сараптама ол жарақат алғаннан кейін 6-8 сағаттан кейін қайтыс болғанын көрсетті.

Ғазымжанов (сотталушының адвокаты – ред. ескертуі) менің телефонымдағы ана жазбадан кейін 10 сағаттан кейін қайтыс болғанын болғанын көрсетті. Салтанатпен кету үшін такси шақырдым, бірақ ол киімсіз жатты, оның өліміне себеп болған миында не болып жатқанын білмей қалдым.

Қосымша сарапшы тартылды, менің ойымша, ол айыптау сарынындағы қорытындыны айту үшін және қорытындыны қажет айыптауға қарай"тарту" үшін тартылды деп есептеймін", - деді Бишімбаев.

Ол сондай-ақ сарапшының қорытындылары болжамды сипатта екенін және сарапшының өзі "күмәнді" сараптамаларымен танымал екенін айтты.

"Оның сараптамасын объективті және сенімді деп санауға бола ма? Ол оны бір күн ішінде 3 қаңтарда жасады. Оның сараптамасы қасқана өлтірілгенін дәлелдемейді, ол өлім себебін жоққа шығармайды. Ол сотқа кіргізілген жалғыз сарапшы болды, бірінші сарапшыларды сотқа кіргізбеді", - деді ол.

Ол қазір тағдыры шешіліп жатқанын айтты.

"Бір секундқа менің жағдайыма кіріп көріңіздерші, органдар объективті емес айыптау бағытында жұмыс істеп жатқан кезде, әлеуметтік желілерде өшпенділік тудыру науқаны жүріп жатқанда, өтірік тарала бастады.

Бұған дейін көзі ағып кеткені туралы өтірік айтса, кейін менің баланы қағып кеткенім туралы өтірік айтты. Өтірік сұмдық болған сайын, оған сену де оңай. Мұның бәрі сіздердің жек көрушіліктеріңізді тудыру үшін жасалып отыр.

Өзіңізден мынаны сұрап көріңіз: егер сот орындығында экс-министр Бишімбаев емес, қарапайым адам отырса, әлеуметтік желіде осыншама өтірік, жала жабылар ма еді? Сенімді айғақсыз осындай ауыр қылмыс жасады деп айыптар ма еді? Мұндай күмәнді дәлелдерге сенуге, ұзақ мерзімге соттауға бола ма?

Бір секундқа елестетіп көріңіз. Жақындарыңызда осындай сот болғанын қалар ма едіңіз? Құдай мұндай жағдайды ешкімнің басына бермесін. Жиналған дәлелдердің өзі әдейі өлтірілмегенін көрсетеді.

Істің мән-жайын естіп, көріп отырған жалғыз адам сізсіздер, объективті, бейтарап болыңыздар, үгіт-насихаттың жетегінде кетпеңіздер. Мен оның өліміне кінәлімін және ауыр зиян келтіргенім үшін, соның салдары өлімге әкеп соққаныны кінәлімін, бірақ қасақаны кісі өліміне емес.

Өзіңізден мынаны сұрап көріңізші: менің қасақана кісі өлтіргенім немесе жүйелі түрде қинағаным дәлелденді ме? Оны біздің өмірімізден бейхабар адамдар дәлелсіз алға тартты", - дейді айыпталушы.

Ол алқабилер "БАҚ пен әлеуметтік желілердегі қатты қысым" жағдайында шешім қабылдауға мәжбүр болғанын айтып, қазылар алқасынан "ешкімгің сөзіне ермеуді" сұрады.

"Ешкімнің сізге ықпал етуге немесе сіздің пікіріңізге қайшы дауыс беруге мәжбүрлеуге құқы жоқ.

Кеңесу бөлмесіне барған кезде сұрақтарды оқып шығыңыз және оларға жауап беруге асықпаңыз – менің тағдырым мен өмірім сіздің шешіміңізге байланысты. Объективті, адамгершілікті, әділ болыңыздар.

Жалған сенімнің тұтқыны болмаңыздар, бұрын кім болғаным, қандай лауызымдарды атқарғаным маңызды емес, мен де адаммын, бейтарап және объективті сотқа лайықпын.

Мен жазамды тартуға дайынмын және бұл менің кінәмді өтеу болады деп үміттенемін. Мен күн сайын өкінемін және қатты өкінемін, мен болған барлық жайт үшін өзімді жегідей жеймін. Өтінемін, әділ болыңыздар. Бұл менің соңғы сөзім", - деп түйіндеді соңғы сөзін Бишімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096753-eks-ministr-quandyq-bishimbaev-sotta-songgy-sozin-aitty/