Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нацистерден қашып келген": қызылордалық полицейлер АҚШ азаматына туыстары туралы тың ақпарат табуға көмектесті (фото)

Опубликовано:

АҚШ азаматтары мен полиция қызметкері
АҚШ азаматтары мен полиция қызметкері. Фото: polisia.kz

Қызылорда облысының полицейлері АҚШ азаматына туыстары жайлы ақпаратты іздеуге көмектесті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, шетелдіктің ата-анасы бұрын Қазақстанда тұрған. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, Америкалық Джефф Шайнгольд әкесі туралы мәлімет сұрап, Қызылорда облысы полиция департаментіне жүгінген. Джеффтің әкесінің ұлты еврей, ол Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария) және 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған.

Джеффтің өтініші бойынша полиция мұрағатында жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді.

АҚШ азаматының әкесінің құжаты
Төлқұжат. Фото: polisia.kz

"2022 жылы ата-анам 1942 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстанда тұрғанын білдім. Олар Польшадан нацистерден қашқан. Бізде сот хаттамасынан басқа мәлімет болған жоқ. Іздеу нәтижесінде мұрағатта 80 жылға жуық сақталған құжаттар табылды. Олар менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттар. Полицейлердің арқасында біз олардың 1942 жылдан 1946 жылға дейін өмірлерінен біршама мағлұмат алдық" - деді Джефф Шайнгольд.

Қазақстанға келген шетелдік ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне келіп, ағасы жерленген зиратқа барып, тағзым еткен. Олар ата-анасының қымбат бейнесін жадында сақтау үшін естеліктерін бөлісті.

Зираттағы адамдар
Марқұмға Құран бағыштау сәті: polisia.kz

Сондай-ақ тәртіп сақшыларының айтуынша, облыстық полиция департаментінің мұрағатында 30 мыңнан астам құжат сақталған.

Бұл құжаттар туыстарының тағдыры туралы мәлімет іздеген жүз мыңдаған адамдарға, сонымен қатар тарихи ақпаратты толық қалпына келтіру үшін ғалымдар, журналистер мен тарихшылар үшін өте маңызды.

Арнайы мұрағаттың әлеуметтік-саяси маңыздылығы тек Қазақстанның емес, шетел азаматтарының да хаттарында көрсетілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096810-qyzylordalyq-politseiler-aqsh-azamatyna-tuystaryn-izdeuge-komektesti-foto/