Синоптиктер мамырдағы мереке күндері Қазақстанда ауа қандай болатынын айтты
Жарияланған күні:
7-9 мамыр аралығында Қазақстанның барлық дерлік аумағында қысқа мерзімді жылу оралады деп күтілуде. Бұл ретте еліміздің батысында күн райы құбылмалы болады деп болжанып отыр. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
7-9 мамыр аралығында Қазақстанның барлық дерлік аймақтарына қысқа мерзімді жылу келеді.
Республиканың солтүстігі мен шығысының кейбір аудандарында түнде теріс төмен температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға қарай күндізгі температура +20...+28°C болады.
Батыс Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады – найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, осыдан кейін жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді.
Бұған дейін Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша бір аптаға арналған ауа райы болжамын жариялаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2096843-sinoptikter-mamyrdagy-mereke-kunderi-qazaqstanda-aua-qandai-bolatynyn-aitty/