Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Опубликовано:

Кітап
Кітап. Көрнекі фото: pixabay.com

Туризм және спорт министрлігі Қазақстанда жаңа мереке – "Ұлттық кітап күнін" енгізу туралы заң жобасын әзірледі. Заң қаулысының құжаты "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің өкілдері Қазақстандағы мереке күндерінің қатарына тағы бір мейрамды қоспақ.

Заң қаулысына сүйенсек, 23 сәуірді Ұлттық кітап күні деп тану ұсынылған.

Әзірше қаулы жобасы 22 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.

"Жоба қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" мерекесін енгізу үшін әзірленді", - деп жазылған заң жобасының құжатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097017-qazaqstanda-zhanga-mereke-paida-boluy-mumkin/

pixel