Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Опубликовано:

полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

7-8-9 мамырдағы мереке күндері елімізде полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Мереке күндері полиция қызметкерлері құқық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызметтік режимде жұмыс істейді", - делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, республика бойынша мереке күндері 21 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұлан сарбаздары қатарға қосылады.

Айта кетейік, 9 мамырда Байқоңыр қаласында Жеңіс күніне арналған шеру өтеді. Бұл қала биыл Қазақстанда аумағында мұндай шара өтетін жалғыз қала атанып отыр.

Сондай-ақ мамырдағы демалыс күндері ХҚКО-лар мен мамандандырылған ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097134-qazaqstanda-politsiia-kusheitilgen-zhumys-rezhimine-koshti/

pixel