jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

"Мәскеудегі парад кезінде түсініксіз кадрлар көрсетілген": AlmaTV-ға кибершабуыл жасалды

Теледидар пульті
Теледидар пульті. Көрнекі фото: pexels.com

9 мамырда Мәскеуде өткен парадты трансляциялау кезінде қазақстандық телеарналардан түсініксіз кадрлар көрсетілген. Осы жайтқа қатысты Alma+ операторы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәскеуде өткен парадты трансляциялау кезінде хакерлер AlmaTV операторына шабуыл жасап, телеарналардан Ресейге қарсы пропагандалық видео таратқанын Telegram-дағы Egovpress арнасы жазды.

Осы жайтқа байланысты телеоператор өкілдері мәлімдеме жасап, телеэфирдегі ақауға кибершабуыл себеп болғанын растады.

"2024 жылғы 9 мамырда сағат 12:02-де интернет-хабар таратуда үзілістер байқалғанын (аналогтық, цифрлық, спутниктік теледидар қызметтері штаттық режимде іске асырылғанын) назарларыңызға жеткіземіз.

Қызмет провайдерінен алынған мәліметтерге сәйкес, сәтсіздікке көп деңгейлі кибершабуыл себеп болды.

Компания мамандары оқиғаға жедел әрекет етіп, сервистің жұмысын қалпына келтіру үшін қажетті шараларды қабылдады", - делінген хабарламада.

Компания өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта қызмет толық қалпына келтірілді және штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

"Alma+ осы оқиғадан туындаған уақытша қолайсыздықтар үшін өз клиенттерінен шын жүректен кешірім сұрайды.

Біз абоненттеріміздің сенімін жоғары бағалаймыз және қызметтерді үздіксіз және сапалы ұсынуды қамтамасыз ету үшін бар күшімізді саламыз", - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

"Мәскеудегі парад кезінде түсініксіз кадрлар көрсетілген": AlmaTV-ға кибершабуыл жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.