Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы мәйітханасындағы некрофилияға қатысты жағдай: Әділет министрлігі іс туралы жаңа мәлімет берді

Опубликовано:

Кісен
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли брифингте некрофил деп күдікке ілінген алматылық мәйітхана күзетшісінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Талғат Уәли Алматы полиция департаменті 1980 жылы туған азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 314-бабы – "Өлген адамдардың мәйiттерiн және олар жерленген жерлердi қорлау" бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Айта кетейік, бұл азамат Сот сараптамалары орталығымен және оның аумақтық бөлімшелерімен еңбек қатынасында болмаған. Ол әділет органдарының қызметкері емес.

Шарт бойынша, мәйітхананы күзету міндетін ЖШС атқарады. Бұл азамат аталған ЖШС атынан мәйітхана күзетшісі болып жұмыс істеген", - деді Әділет министрлігінің ресми өкілі.

Талғат Уәлидің айтуынша, ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске салсақ, Алматыда 29 сәуірде некрофил деген күдікпен ер адам ұсталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098313-almaty-maiithanasyndagy-nekrofiliiaga-qatysty-zhagdai-adilet-ministrligi-is-turaly-zhanga-malimet-berdi/