Қазақстандағы су тасқыны: Сербия үкіметі еліміздегі баспана құрылысына 1 миллион еуро бөлді
Жарияланған күні:
10 мамырда "Қазақстан халқына" қорының есепшотына Сербия үкіметінен су тасқыннан зардап шеккен аудандарда үй салуға 1 миллион еуро түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Бұл жәрдем екі ел арасындағы ынтымақ деңгейін және шет елдердің біздің елге сенімі мен көмекті берудегі ашықтығын көрсетеді", - деді "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
2024 жылғы 10 мамырдағы мәлімет бойынша бойынша табиғи апаттан қираған тұрғын үйлерді салуға қордан бөлінген 10 миллиард теңгеден бөлек қосымша 5,3 миллиард теңге жиналды.
2024 жылғы 6 мамырда екі елдің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич телефон арқылы сөйлескен болатын. Президенттер екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, бұрын қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және Қазақстан Президентінің Белградқа алдағы сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Қазақстан 2014 жылы алапат су тасқынына байланысты Сербияға шатыр, дәрі-дәрмек пен ең қажетті заттарды жіберіп, гуманитарлық көмек көрсеткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098538-qazaqstandagy-su-tasqyny-serbiia-ukimeti-elimizdegi-baspana-qurylysyna-1-million-euro-boldi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.