Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жайықта су деңгейі көтеріліп барады: қыстау тұрғындары эвакуацияланып жатыр (видео)

Опубликовано:

Жайық жағалауы
Жайық жағалауы. Фото: t.me/oper_shtab_06

Атырау облысындағы Жайық өзенінде су деңгейі көтеріліп жатыр. Төтенше жағдайларды жою штабы қыстау тұрғындары эвакуацияланатынын хабарлады, ал құтқарушылар бөгет салуда. Бұл жөнінде жедел штабқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жайық өзеніндегі су деңгейінің 2024 жылғы 9 мамыр сағат 20.00-дегі өзгеруі

  • Индербор ауылы: су деңгейі – 1005 см (+ 13 см), шекті деңгейі – 845 см;
  • Махамбет ауылы: су деңгейі – 915 см (+ 4 см) , шекті деңгейі – 850 см;
  • Атырау қаласы: су деңгейі – 525 см (+ 3 см), шекті деңгейі – 550 см;
  • Жаңаталап ауылы: су деңгейі – 377 см (+ 2 см), шекті деңгейі – 500 см;
  • Еркінқала ауылы: су деңгейі – 337 см (+ 2 см), шекті деңгейі – 450 см.

Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы парақшасында Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданында ұзындығы 300 метрге жуық бөгет салынғаны айтылған. Жұмыс жалғасуда.

Бұған қоса, Құлсары қаласында 8 989 м3 еріген су сорылған.

"Төтенше жағдайлар министрлігі күштерімен су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда. Жағдай бақылауда", - делінген хабарламада.

Жедел штаб хабарламасында Жайық өзенінің жайылмалы аймағында орналасқан Лесхоз қыстауының тұрғындарын эвакуациялау жоспарланғаны айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2098001-zhaiyqta-su-denggeii-koterilip-barady-qystau-turgyndary-evakuatsiialanyp-zhatyr-video/