jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыдан Қазақстанның басқа өңірлеріне көшіп кеткен халық саны рекордтық көрсеткішке жеткен

Алматы көшесі
Алматы көшесі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласынан басқа өңірлерге көшіп, сол жақта тұрақтағандар саны рекордтық көрсеткішке жетті. Мегаполистен көшіп кеткен тұрғындардың дені Алматы облысына қоныс аударған, деп хабарлайды DATA HUB-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика деректеріне сүйенген DATA HUB арнасының мәліметінше, 2024 жылғы бірінші тоқсанында Алматыдан басқа аймақтарға тұрақты тұру үшін 20,9 мың адам кеткен. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда шамамен 25 пайызға (4,1 мың адамға) өсіп, бұл көрсеткіш 2018 жылдың басынан бергі статистика бойынша ең жоғары деңгейге жеткен.

Telegram-дағы DATA HUB арнасы авторларының жазуынша, Алматыдан басқа аймақтарға көшіп кеткен адамдардың рекордтық санын табиғи апаттармен байланыстыруға болады.

Көбінесе алматылықтар Қазастанда жаңа тұрғылықты жер ретінде Алматы облысын (10 мың адам) таңдаған. Тіпті екінші орында тұрған Астананың өзі одан (2,9 мың адам) әлдеқайда артта қалды.

Бұл ретте Алматыға басқа өңірлерден тұрақты тұруға келгендер саны рекордтық көрсеткішке жетпесе де, айтарлықтай көп. Алғашқы тоқсандағы мәлімет бойынша 30,1 мың адам Алматыға көшіп келген. Негізінен Алматы облысының тұрғындары (12,8 мың адам) қалаға көшкен.

Алматыдан Қазақстанның басқа өңірлеріне көшіп кеткен халық саны рекордтық көрсеткішке жеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.