jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Абай облысындағы "Семей орманы" резерватында өрт сөндіру бойынша штабтық оқу-жаттығулар өткізілмек

Өрт сөндіруші өртті сөндіруге кетіп барады
Өрт сөндіруші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

15-16 мамырда Абай облысында Төтенше жағдайлар департаментінің "Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтетінін ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 15-16 мамырда Абай облысының аумағында "Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтпек.

"Оқу-жаттығу барысында басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелері пысықталатын болады", - делінген хабарламада.

Оқу-жаттығу "Семей Орманы МОТР" РММ Бородулиха филиалының аумағында өтеді.

Осы орайда ТЖД өкілдері облыс тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұрады.

Абай облысындағы "Семей орманы" резерватында өрт сөндіру бойынша штабтық оқу-жаттығулар өткізілмек

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.