Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Судья Бишімбаев неге 24 жылға сотталғанын түсіндірді

Опубликовано:

Сот отырысы
Сот отырысы. Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Судья Айжан Құлбаева үкім оқылғаннан кейін экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты неге 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Судья Құлбаева үкімді былай деп түсіндірді:

"Сотталушы Бишімбаев жәбірленуші Нүкеноваға қатысты азаптау жасағаны, сондай-ақ аса қатыгездікпен жасалған қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Байжанов Бишімбаев жасаған аса ауыр қылмысты алдын ала уәде етілмеген түрде жасырғаны үшін кінәлі деп танылды. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, аудио және бейнематериалдармен, сараптама қорытындыларымен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді".

Сондай-ақ судьяның айтуынша, сотталушыларға қатысты жаза тағайындау кезінде сот кәмелетке толмаған балалардың болуын жеңілдететін жағдай деп таныған.

"Бишімбаевтың қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайға сот қылмыстың алкогольдік мас күйінде қайталап жасалғанын жатқызды", - деді судья.

Құлбаева Бишімбаев пен Байжановқа жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер көпшілік дауысты ескере отырып, ашық дауыс беруде шешкенін айтты.

"Жария етілгендей, Бишімбаев қылмыстар жиынтығы бойынша 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар үшін, процеске қатысушылар үшін, жәбірленуші үшін түсіндіремін: сіздер отырыс хаттамасымен танысуға құқыларыңыз бар, іс бойынша шешім шығарылғаннан кейін оған жазбаша ескертулер беруге құқықтарыңыз бар. Сонымен қатар, қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, 15 тәулік ішінде сот үкіміне шағымдануға құқықтарыңыз бар", - деп қосты судья.

Айта кетейік, бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа және оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2099831-sudia-bishimbaev-nege-24-zhylga-sottalganyn-tusindirdi/