jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Атырау облысында із-түссіз жоғалған 21 жастағы жігіттің денесі табылды

Су арнасы
Су арнасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 21 жастағы жігіттің денесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

13 мамырда кешкісін жергілікті тұрғындар Құрсай су арнасынан ер адамның қалқыған денесін тауып, бұл туралы құтқарушыларға хабарлаған. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оны полицияға тапсырды.

Жылыой аудандық полиция бөлімі 13 мамырда сағат 17.00-де тоғыз күн бұрын із-түссіз жоғалып кеткен 2003 жылы туған ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Дене жарақатының белгілері жоқ. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бұған дейін Жетісу мен Ақтөбе облыстарында із-түссіз жоғалған ер адамдардың денесі табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша олар өзенге батып кеткен. Екеуі де мал бағуға шығып, жақындарымен байланысын үзген.

29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзенінен танысымен бірге балық аулауға шыққан ер адамның денесі табылды.

Атырау облысында із-түссіз жоғалған 21 жастағы жігіттің денесі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.