Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мешітте намаз кезінде төбелес шығарған": ҚМДБ мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Мешіттегі оқиға.
Мешіттегі оқиға. Видеодан кадр: Instagram/ 100baksoff_original

Әлеуметтік желіде мешітте болған оқиға таралып жатыр. Осыған байланысты ҚМДБ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Діни басқарма мәліметінше, оқиға 2024 жылғы 12 мамырда кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан, бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.

"Намаз кезінде "әмин" дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешітке келуші жамағатты мешіт ережесіне бағынуға, сонымен қатар құлшылық үйінде сабыр сақтап, көркем мінез танытуға шақырады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде мешітте төбелес шығарған азаматтың видеосы тарап, қызуға талқыға түскенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100326-meshitte-namaz-kezinde-tobeles-shygargan-qmdb-malimdeme-zhasady/