jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

15 мамырда Қазақстанда дабыл жүйесі қосылады

Дабыл
Дабыл жүйесі. Көрнекі фото: pexels.com

Ертең, 15 мамырда Астанадан басқа Қазақстанның барлық аумағында дабыл жүйесі қосылады. Оқу-жаттығу аясында ескерту жүйелерін сынақтан өткізу жоспарланған, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы 15-16 мамырда Абай облысының аумағында "Өрт-2024" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Абай облысында орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы барлық өңірлерде профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын табиғи өрттерді жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелері пысықталатын болады.

Оқу-жаттығу "Семей Орманы МОТР" РММ Бородулиха филиалының аумағында өтеді.

Сонымен қатар 15 мамырда сағат 12.55-те Астана қаласынан басқа барлық өңірде оқу-жаттығу аясында құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланған.

15 мамырда Қазақстанда дабыл жүйесі қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.