Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жасым 15-те еді": Карина Мамаш дипломат күйеуімен қалай танысқанын айтып берді

Опубликовано:

Youtube/ "Жиза" бағдарламасы
Карина Мамаш. Видеодан кадр: Карина Мамаш

Жуырда БАӘ елшісінің көмекшісі Сәкен Мамаштан 10 жыл бойы зәбір көрдім деп мәлімдеген әйелі Карина Мамаш "Жиза" жобасына сұхбат беріп, жан сырын ақтарды. Мемлекеттен көмек сұрап, дағдарыс орталығына орналыстырылған ол күйеуімен жеке өмірі қалай өрбігенін айтып берді.

Сұхбат барысында дипломаттың әйелі күйеуімен танысқан кезін еске алды.

"Жасым 15-те еді. Онымен Mail.ru әлеуметтік желісі арқылы таныстым. Ол маған жазды, содан сөйлесіп кеттік. Ол сол кездің өзінде менің жасым 18-де деп ойлаған екен. Тек 1-2 айдан соң ғана әлі бала екенімді түсінді.

Бірақ менің парақшамда туған күнім жазылып тұрған болатын. Бізде бәрі осындай жанрдан басталды. Мен оған ғашық болып қалдым. Оны өмірлік тәжірибесі бар үлкен ер азамат ретінде қабылдадым. Тұрмысқа шығуға сол уақытта-ақ дайын болдым", - деді ол.

Карина Мамаш күйеуімен үшінші кездесуде сөз байласқанын, ал дипломатқа ғашық болуына әке қамқорлығының жетіспеуі себеп болғанын айтты.

"Ол маған екі рет ұшып келді, тек қол ұстасып жүрдік. Ал үшінші кездесуде келіп, мені алып кетті. Әрине, анам үшін бұл күтпеген жағдай болды. Жас айырмашылығымыздың көптігін әке қамқорлығын іздегеніммен байланыстырамын. Анам 9 жасымда жесір болып қалды. Бұл бізге ауыр соққы болды. Мен өзімді жоғалтпадым, өйткені маған спорт көмектесті. Бірақ әкемнің жоқ екенін тек 2 айдан кейін түсіндім...

Бала кезімізден бізге "күйеуіңе адал болып бар" деп үйретеді. Мен оған 17 жасымды тұрмысқа шықтым, адал болып бардым. Алғашқы неке түннің өзі дөрекі болды. Өйткені мен дайын болмадым. Ол көзімен-ақ қорқытып тастады", - дейді Карина Мамаш.

БАӘ елшісі кеңесшісінің жұбайы отбасында туындаған мәселені ешкімге айтпағанын атап өтті.

"Әр отбасының өз мәселесі бар. Анам мені ұратынын, мені сыйламайтынын, қанша жақсы болсам да, менің бағамды түсіретінін білгенін қаламадым. Мен қандай жақсылық істесем де, бір жақсы сөз естімедім. Ол мені атыммен атамайтын, тек "Ее" дейтін. Көп жағдайда солай болды", - деді Карина Мамаш.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық әйел БАӘ-дегі елшілікте кеңесші болып істейтін күйеуі әпкесі екеуін ұрды деп айыптаған болатын.

Қазір ол әпкесі мен балаларымен бірге дағдарыс орталығында жатыр. Карина Мамашқа психолог пен заңгердің көмегі мен қызметі көрсетілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100491-zhasym-15-te-edi-karina-mamash-diplomat-kuieuimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi/