Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 жыл бойы зорлық-зомбылық көрсеткен": БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі Астанадағы дағдарыс орталығына келді

Опубликовано:

Карина Мамаш
Карина Мамаш. Фото: instagram.com/korgau_astana

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш Астанадағы дағдарыс орталығына орналасқан. Бұл туралы "Қорғау" дағдарыс орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Қазақстан елшілігінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш әлеуметтік желіде күйеуінің өзіне он жыл бойы жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткені туралы ақпарат жариялады және оған қонаққа келген үлкен әпкесі басылымнан көмек сұрады.

Қазіргі уақытта Карина Мамаш әпкесі мен балаларымен Қазақстанға оралды", - делінген "Қорғау" дағдарыс орталығының Instagram-дағы парақшасында.

Дағдарыс орталығының хабарлауынша, Каринаны әуежайда жақын достары қарсы алғанымен, күйеуінің туыстары да келген. Балалары үшін қорыққан қыз дағдарыс орталығына жүгінген.

"Қазір ол әпкесі мен балаларымен бірге дағдарыс орталығында орналасқан, онда психолог пен заңгердің көмегі мен қызметтерін алуда", - делінген орталық хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық әйел БАӘ-дегі елшілікте кеңесші болып істейтін күйеуі әпкесі екеуін ұрды деп айыптаған болатын.

"10 жыл бойы ол мені зорлап, ұрып-соғып келеді. Маған және оның қасындағы балаларыма да қауіп төніп тұр. Мен мемлекетімізден көмек сұраймын", - дейді әйел видеода.

Сол күні Сыртқы істер министрлігінің өкілі бұл қызметкер шұғыл түрде Қазақстанға шақыртылғанын, енді оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2097896-10-zhyl-boiy-zorlyq-zombylyq-korsetken-baa-degi-elshi-kengesshisining-aieli-astanadagy-dagdarys-ortalygyna-keldi/