Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай ойнап, үсік жүреді: бірқатар өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Опубликовано:

Найзағай
Найзағай. Көрнекі фото: Рexels.com

Ертең, 15 мамырда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ертең Абай облысында күн күркірейді. Облыстың оңтүстігінде әлі де жоғары өрт қаупі болжанған.

Ертең Атырау облысында, ал күндіз Атырауда найзағай ойнайды.

15 мамырда Жетісу өңірінде екпінді жел соғады, кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Синоптиктердің болжауынша, ертең Түркістан облысында бұрқасын болып, найзағай ойнайды. Облыстың шөлейт аймақтарында өте жоғары өрт қаупі сақталады, Шымкентте қатты жел соғады, Түркістанда найзағай ойнап, бұрқасын болады.

Ертең Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыста 3 градус болып, үсік жүруі мүмкін. Петропавлда түнде 2 градус суық күтіледі.

Ертең түнде Ұлытау өңірінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. 15 мамырда түнде Жезқазғанда да найзағай күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, 15 мамырда түнде Қарағанды облысында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды қаласында ертең күндіз найзағай күтіледі.

15 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік жүреді деп болжанған. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең күндіз Жамбыл, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұрқасын күтіледі. Бұл ретте Ақмола облысының солтүстігінде де 2 градус аяз болуы мүмкін.

15 мамырда Павлодар облысында қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. Найзағай ойнап, 15-20 м/с екпінді жел тұруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100545-naizagai-oinap-usik-zhuredi-birqatar-ongirde-qolaisyz-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/