Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда екі көшеге Хасанғалиев пен Серкебаевтың есімдері беріледі

Опубликовано:

Алматы
Алматы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда бірнеше көшенің атын өзгерту және әзірге атауы жоқ көшелерге атау беру жоспарланып жатыр. Қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында пайда болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжат жобасындағы ақпаратқа сүйенсек, бұл қаулы Алматы тұрғындарының пікірі ескеріле отырып, Алматы қаласы ономастика комиссиясының және республикалық ономастика комиссиясының шешімімен қабылданды.

Ал көше атауын өзгерту туралы түпкілікті шешімді Алматы әкімдігі мен мәслихаты қабылдайды.

Мәселен, құжатқа сәйкес, мынадай көшелердің атауын өзгерту жоспарланып жатыр:

  • Бостандық ауданы Юрий Гагарин даңғылының К. Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне – Ермек Серкебаев даңғылы;
  • Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне – Владимир Толоконников есімі;
  • Түрксіб ауданы "Жас қанат" ықшамауданындағы атауы жоқ көшеге – Ескендір Хасанғалиев есімі;
  • Бостандық ауданындағы атауы жоқ көшеге – Юрий Померанцев есімі беріледі.

Құжат жобасы 28 мамырға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Айта кетейік, Ермек Серкебаев – әйгілі кеңестік және қазақстандық кино және опера әншісі, Владимир Толоконников – әйгілі кеңестік "Ит жүрегі" комедиясында ойнаған қазақстандық актер, Ескендір Хасанғалиев – кеңестік және қазақстандық композитор, әнші, заманауи қазақстандық әндердің негізін қалаушылардың бірі, Юрий Померанцев – театр және кино актері, режиссер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100728-almatyda-hasangaliev-pen-serkebaevtyng-esimimen-kosheler-paida-bolmaq/