jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Астанада мешітке келген ер адам әлдекімнің 220 мың теңгесін ұрлап кеткен

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Астана қаласының тәртіп сақшылары мешітте ақша ұрлаған құмар ойыншы анықтады. Бұл туралы polisia.kz хабарлайды.

Есіл ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды анықтады.

Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адам қаланың сол жақ жағалауында орналасқан мешітке кешкі намазға келген. Жуынатын бөлмеде оның көзіне бөлмеде ілініп тұрған күртеше түскен. Күдікті қылмыстық оймен ешкім байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешенің қалтасынан 220 мың теңге қолма-қол ақшаны алып кетіп қалған.

Полицейлердің мәліметіне сүйенсек, ер адам ұрланған ақшаны ұтысқа тігіп, ұтылып қалған. Аталған фактіге қатысты ұрлық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді, оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Астана қаласының полиция департаменті қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, оңай қол жететін жерде ақша қалдырмауға кеңес береді.

Астанада мешітке келген ер адам әлдекімнің 220 мың теңгесін ұрлап кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.