Қазақстанда алдағы күндері қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлдағы күндері синоптиктердің болжауынша, Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елімізде күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алдағы күндері "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Оңтүстік циклон қатты жаңбыр жауып, найзағай әкеледі деп хабарланды.
16-18 мамырда республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 16 мамырда шығыста, 17-18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батыста нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.
Тек солтүстік және солтүстік-шығыс облыстарда 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 18-25 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Ал түнде кей жерлерде төмен температура сақталады.
Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болатынына қарамастан, оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ағын ауаны жылытып, температуралық фон біртіндеп мамыр айындағы климатқа оралады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2100956-qazaqstanda-aldagy-kunderi-qatty-zhangbyr-zhauyp-kun-kurkireidi/