jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда алдағы күндері қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді

Көшедегі қолшатыр ұстаған адамдар
Жаңбыр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы күндері синоптиктердің болжауынша, Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады. Елімізде күн күркіреп, қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Алдағы күндері "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Оңтүстік циклон қатты жаңбыр жауып, найзағай әкеледі деп хабарланды.

16-18 мамырда республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 16 мамырда шығыста, 17-18 мамырда оңтүстік-батыста, 18 мамырда солтүстік-батыста нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Тек солтүстік және солтүстік-шығыс облыстарда 16-17 мамырда жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы 18-25 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр. Ал түнде кей жерлерде төмен температура сақталады.

Еліміздің басым бөлігінде күн райы құбылмалы болатынына қарамастан, оңтүстік-батыс бағыттағы жылы ағын ауаны жылытып, температуралық фон біртіндеп мамыр айындағы климатқа оралады.

Қазақстанда алдағы күндері қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.