Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында ауылдың экс-әкімі әрі бұрынғы полиция қызметкері үш жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

полиция қызметкері
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбе облысында экс-шенеунік әрі экс-полиция қызметкері үш жасар қызға қорлық көрсетті деген күдікке ілінді. Бұл ақпарат "НемолчиKZ" қоғамдық қорының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды. Облыстық полиция департаменті өкілдері күдікті анықталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"НемолчиKZ" қоғамдық қоры өкілдерінің дерегінше, үш жастағы қыздың анасы күдіктіге қатысты полицияға шағым түсірген. Алайда ол бұрын полицияда, әкімдікте істегені себепті жалтарып кете ме деген қаупі барын айтқан.

"Түнде әйел адам хабарласып, үш жасар қызының зорланғанын айтты. Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барып келгеннен кейін шағым айтқан. Ауырсынған. Анасы баланы ауруханаға апарды. Жыныс мүшесінде 2 см шамасында жарақат бары анықталды. Бірден полицияға арыз түсірген. Бірақ күдікті жалтарып кетеді деп қауіптенеді. Оның айтуынша күдікті бұрын полицияда, әкімдікте басшылық қызметте жұмыс істеген. Ауылда оны бәрі таниды. Байланысы көп. Анасы қызы мен өзінің өмірі үшін қорқады. Бүлдіршін психологиялық жарақат алған", - делінген "НемолчиKZ" қоғамдық ұйымының желідегі парақшасында.

Оқиғаға қатысты облыстық полиция департаментіндегілер пікір білдірді. Күдікті анықталған.

"Зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталды. Полиция бөліміне жеткізілді. Барлық сараптама тағайындалды. Заңды шешім сараптама қорытындысы негізінде шығарылады", - дейді Ақтөбе облыстық ПД өкілдері.

Күдікті бұрын Қобда ауданында жұмыс істегені белгілі болды. Аудан әкімінің айтуынша, күдікті ауыл әкімі лауазымын атқарған.

"Жағдайды жаңа естіп жатырмыз. Оқиғаның қалай болғанын нақты білмеймін. Әкімдікте жұмыс істеді. Бұлақ ауылдық округінің Әлия ауылында әкім болды. Бірақ қазір жұмыс істемейді. Өз арызы негізінде 2024 жылдың ақпан айында жұмыстан шықты", - дейді Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101007-aqtobe-oblysynda-auyldyng-eks-akimi-ari-buryngy-politsiia-qyzmetkeri-ush-zhasar-qyzdy-zorlady-degen-kudikke-ilindi/