Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "қызыл аймаққа" кірген медициналық университеттер тексеріледі

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі білім беру және ғылыми қызмет саласында мемлекеттік бақылауды күшейтпек – инфрақұрылым мен оқу сапасы нашарлаған. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігі білім беру және ғылыми қызмет саласында мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Бүгін Астанада ведомство алқасының отырысы барысында медицина қызметкерлерін даярлау сапасы мәселелері қаралды.

"Кейінгі жылдары академиялық еркіндік пен университеттердің дербестік режимге көшуі оң нәтиже берді, алайда белгілі бір проблемалар туындап отыр.

Мемлекет тарапынан бақылаудың әлсіреуі білім беру сапасының, сондай-ақ заңнамаға сәйкес біліктілік талаптарының сақталуын қадағалаудың төмендеуіне әкелді. Студенттер санының шамадан тыс болуы салдарынан инфрақұрылым мен оқу сапасы нашарлады. Бірқатар медициналық университеттер "қызыл аймақта" және тексерілуге тиіс" - делінген ведомство хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен және Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарының, сондай-ақ ғылыми зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың қызметін тексеру және мониторингтеу жөніндегі барлық комиссияларға қатысуға ниетті екені қоса айтылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101058-qazaqstanda-qyzyl-aimaqqa-kirgen-meditsinalyq-universitetter-tekseriledi/