jitsu gif branding logo appbranding logo app

Ресейден келген қарғын су БҚО-дағы тартылып қалған көлдерге құйылды

Көл
Көл. Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ресейден келген тасқын судың 80 млн текше метрі Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне жіберілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының Қамыс-Самар көлдеріне соңғы 20 жыл бойы су бармаған.

Тасқын суын көлдер жүйесіне жіберу жұмысын жергілікті "Қазсушар" филиалының мамандары жүргізуде. Қамыс-Самар көлдері – киіктер мен басқа да жануарлардың көшу жолындағы табиғи суат көзі

Батыс Қазақстан облысындағы судың негізгі көзі – Жайық өзені. Министрлік ақапараты бойынша аталған өзен арқылы келген тасқын суы су ресурстары және ирригация министрлігінің "Қазсушар" мекемесіне тиесілі Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінде жиналады.

"Сонымен қатар "Қазсушар" мамандары кейінгі жылдары кеуіп қалған Еділсор, Жалтыркөл, Бірқазан, Соркөл, Салтанат және басқа да су айдындарына су жібере бастады. Балқаш көліне, Каспий теңізіне су жіберу жұмысы жалғасып жатыр" - деді су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.