jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Жаңаөзенде "мүйізі бар" құлынды мейрамханаға кіргізгендер желіде қызу талқыға түсті (видео)

Тойға әкелінген құлын
Тойға әкелінген құлын. Видеодан кадр: instagram.com/zhanaozen_online

Жаңаөзен қаласының мейрамханаларының біріндегі өткен тойға "құйрық-жолы боялған" құлын әкелінген. Тойдағы бұл сый әлеуметтік желі қолданушыларының талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеоны Instagram-дағы zhanaozen_online паблигі жариялады.

Тойда құлын ноқтасын, жал мен құйрығын, тұяқтарын қызғылт түске боялып, той ортасына әкелінген.

Сондай-ақ екі құлағының ортасына қызғылт мүйіз орнатқан.

Желі қолданушыларына бұл көрініс ұнамаған сияқты. Көбі мұны "шектен шыққандық" деп жазды.

"Жануарды осылай қорлауға бола ма?", "Тойларымыз соңғы уақытта атың шықпаса жер өрте дегендей болып кетті", "Құлынға обал, қорқып жатыр", "Мейрамханаға кіргізбей құлын атадым десе де болатын еді", - деп жазды пікір қалдырғандар.

Жаңаөзенде "мүйізі бар" құлынды мейрамханаға кіргізгендер желіде қызу талқыға түсті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.