Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Нүкенованың жақындары оның туған күнінде зират басына гүл апарды (видео)

Опубликовано:

Салтанат Нүкенованың жақындары
Салтанат Нүкенованың жақындары. Видеодан кадр: Instagram/aitym

Кеше, 15 мамыр күні Салтанат Нүкенованың туған күні болды. Марқұм келіншек тірі болғанда 32 жасқа толар еді. Бұл күні Нүкенованың жақындары қара шаңырақта жиналып, зират басына гүл апарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Нүкенованың отбасы мен жақын достары үкім шыққан бойда Павлодар қаласына жолға шыққан. Олар Салтанат өскен шаңырақта бас қосып, дастархан басында марқұм жайлы жылы естеліктерін айтты.

Оған қоса Нүкенованың жақындары зират басына гүл апарып, құран бағыштап қайтты.

15 мамыр күні түсірілген видеоны Айтбек Амангелді Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Айта кетейік, бұған дейін Салтанат Нүкенованың ағасы марқұмның туған күнінде әсерлі видеоны ел назарына ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101769-saltanat-nukenovanyng-zhaqyndary-onyng-tugan-kuninde-zirat-basyna-gul-apardy-video/