Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тоқалыңа чемодан ал": Алматыдағы сауда ойын-сауық кешеніндегі шулы жарнамаға қатысты полиция тексеріс бастады

Опубликовано:

Grand Park сауда орталығындағы жарнама
Grand Park сауда орталығындағы жарнама: t.me/buzyqmedia

Бүгін желіде шу шықты – Алматыдағы Grand Park сауда ойын-сауық кешенінің өкілдері "Тоқалыңа чемодан ал" деген жазбамен бейнеролик жариялады. Осы жайтқа қатысты Алматы полициясы тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Алматыдағы Grand Park сауда ойын-сауық кешенінің Instagram-дағы ресми парақшасында "Тоқалыңа чемодан ал, бәйбішеңе тегін" деген жазумен байқау жарнамасы жарияланды.

Жарнама мәтіні қазақстандықтардың наразылығын тудырды.

Полиция өкілдері осы жайтқа қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

"Бұл факт бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру жүргізіп жатыр Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолданылады", - деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне.

Айта кетейік, бұл мәселеге Алматы әкімдігі де түсініктеме берген еді.

"Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметі бойынша, жоғарыда аталған мекенжай бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру кезінде басқармаға сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру туралы хабарлама жіберілмеген. Осыған байланысты жарнаманы орналастыру басқармамен келісілмеген.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде әкімшілікке Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының талаптарын бұзуды жою жөнінде ұсыным беріледі.

Еске салсақ, заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес, сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" заңға сәйкес сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол берілед", - делінген әкімдік жауабында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2101907-toqalynga-chemodan-al-almatydagy-sauda-oiyn-sauyq-keshenindegi-shuly-zharnamaga-qatysty-politsiia-tekseris-bastady/