jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматыда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді: ТЖД өкілдері қала тұрғындарына үндеу жасады

Алматыда толассыз жаңбыр жауды
Алматы көшелері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгіннен бастап Алматыда қатты жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейіп, найзағай ойнайды деп болжанды. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда 16 мамырдан 17 мамырға қараған түнде нөсер жауын жауады деп болжанды. Синоптиктердің болжамынша, ертең күндіз найзағай ойнап, 17-22 м/с жел соғады.

Мегаполиске іргелес жатқан таулы аудандарда 16-18 мамырда беткейлік ағындар қалыптасып, өзендердегі су деңгейі көтеріледі деп болжанып отыр – су тасуы ықтимал.

Осыған орай төтеншеліктер аталған аумақтардың тұрғындарына жақын маңдағы арықтар мен арналардағы қоқыстарды тазартуға кеңес берді.

Бұған қоса Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Алматы тұрғындарына көлігін ағаштардың астына қоймауды ұсынды, сонымен қатар:

  • мүмкіндігінше, үйде болыңыз;
  • үйдегі есіктер мен терезелерді мықтап жабыңыз;
  • көшеде жүргенде жақын маңдағы подъездерді немесе дүкендерді паналауға тырысыңыз.

Сондай-ақ жарнама бағаналарының, ағаштардың астына, құрылысы аяқталмаған ғимараттарға, үйлердің қабырғаларына жасырынуға болмайды, өйткені шатырлардан шифер және басқа да шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін. Қатты жел кезінде электр желілерінің астында тұру немесе құлаған электр сымдарына жақындау өте қауіпті болмақ.

Алматыда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді: ТЖД өкілдері қала тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.