jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елдегі су тасқыны: ТЖМ өкілдері әлі қанша адам эвакуациялау пункттерінде екенін айтты

Су тасқынына қарсы жұмыстар
Су тасқынына қарсы жұмыстар. Фото: ТЖМ

Су тасқынынана зардап шеккен 61 344 адам өз үйлеріне оралды. ТЖМ өкілдері су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпаратты жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

"Республика бойынша 61 344 адам өз үйлеріне оралды. 5 404 адам эвакуациялау пункттерінде", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, 11 317 тұрғын үй мен 3 573 аула аумағынан су бұрылып, сорылды.

21,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,9 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген.

Айта кетейік, 16 мамырда Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел штаб жағдайды баяндаған еді.

Сондай-ақ Атырау облысының Құлсары қаласындағы залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясы залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініштер қабылдаған болатын.

Елдегі су тасқыны: ТЖМ өкілдері әлі қанша адам эвакуациялау пункттерінде екенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.