jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

21 мамырда Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады

Сирена
Сирена. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда сейсенбі, 21 мамырда хабарландыру жүйелері тексеріледі – қала бойынша сиреналар ойнайды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі.

"Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖ департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына сабыр сақтап, ғимараттардан (тұрғын үй, пәтер) жедел эвакуациялау элементін пысықтауымен қатысуды сұрайды!

"Баршаның назарына!" халықты құлақтандыру жүйесінің техникалық дайындығына тексеру жүргізу және сейсмикалық жаттығудың басталуы туралы хабардар етіледі.

Алматы сейсмикалық аймақта орналасқан, сондықтан әрбір азаматтың ТЖ кезіндегі және одан кейінгі іс-қимылдарға жеке дайындығы үлкен маңызға ие", - делінген хабарда.

21 мамырда Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.