Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Rolex компаниясы Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа берді

Жарияланған күні:

Rolex
Rolex. Көрнекі фото: Robert Alexander/Getty

Атақты швейцариялық сағат шығаратын Rolex компаниясы Қазақстанның Әділет министрлігін сотқа берді. Ведомство өкілдері жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Министрлік мәліметінше, 2023 жылғы 19 маусымда Қазақстан азаматы Ш.-ның Cosmo тауар белгісін тіркеген. Сол жылдың қыркүйегінде Rolex SA өкілі, патенттік сенім білдірілген Т. атынан осы тауар белгісінің күшін жоюға қарсылық түскен.

Шетелдік компания өкілдерінің айтуынша, отандық тұтынушылар Cosmo сауда белгісін швейцариялық Rolex SA компаниясымен байланыстырады.

Әкімшілік рәсімдер аясында бұл қарсылық Әділет министрлігі жанындағы апелляциялық кеңесте қаралып, өзгеріссіз қалғаны атап өтілді.

Апелляциялық кеңес мүшелерінің пікірінше, қарсылықты қараған орган Rolex SA Cosmograph сауда белгісі мен Cosmo сауда белгісін тұтынушы бір деп қабылдай алмайды.

Биыл 20 ақпанда апелляциялық кеңес алқасы тауар белгісін жоюдан бас тарту туралы шешім шығарды.

Rolex SA өкілдері бұл шешімге әкімшілік іс жүргізу аясында шағым түсірді. 20 наурызда алдын ала тыңдау өтті.

Сот отырысы 2024 жылғы 5 маусымға белгіленді.

Министрлік мәліметінше, мұндай даулар төңірегінде апелляциялық кеңестің шешіміне шағымданулар жиі болады. Мәселен 2023 жылы 87 шешімнің 21-і сотқа шағымданған, деп хабарлады Әділет министрлігі өкілдері.

Rolex-тің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, бұл бренд – интеграцияланған және тәуелсіз өндірісі бар швейцариялық сағат бренді екені айтылған. Компанияның штаб-пәтері Женевада орналасқан. Компанияның негізін қалаушы – Ханс Вилсдорф.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103890-rolex-kompaniiasy-qazaqstannyng-adilet-ministrligin-sotqa-berdi/