Қазақстандықтардың бұрынғы уақыт белдеуіне оралу жөніндегі талабы орындала ма: сауда министрі жауап берді
Жарияланған күні:
Үкіметтегі брифингте Сауда және интеграция министрлігінің басшысы қазақстандықтардың жақында енгізілген бірыңғай уақыт белдеуінен бас тарту туралы бастамасына пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Петицияның қажет дауысты жинағанын күтіп отырмыз, бұл мәселені содан кейін жұмысқа аламыз... Алгоритм бар, 2 ай ішінде мәселе мүдделі тұлғалардың қатысуымен қаралады (петицияда 50 мың дауыс жиналғаннан кейін – ред. ескертпесі), сондықтан петицияда қажет дауыс саны жиналғанша күтейік, содан кейін біз оны міндетті түрде белгіленген тәртіпте қараймыз", - деді министр Арман Шаққалиев.
Журналистер министрден қазақстандықтардың ведомствоға жаңа уақыт белдеуі бойынша шағым түсірген-түсірмегенін және қай өңірлер бұрынғы уақыт белдеуіне өтуі мүмкін екенін сұрады.
"Нақты жүгінген жоқ, естеріңізде болса, пікірлер болды, сондықтан білеміз. Ешкім ешқайда оралмайды. Бәріміз бір белдеудеміз. Петицияны күтіп отырмыз, содан кейін заңнамада белгіленген тәртіппен қараймыз", - деді Шаққалиев.
Еске салсақ, биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.
Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104326-qazaqstandyqtardyng-buryngy-uaqyt-beldeuine-oralu-zhonindegi-talaby-oryndala-ma-sauda-ministri-zhauap-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.