Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оқушылардың қазақ тілінен тапсыратын емтиханы: екінші жылға қалдыру қаупі бар ма

Жарияланған күні:

Қалам ұстаған студент
Көрнекі фото: piqsels.com

Бүгін үкіметтегі брифингте ғылым және жоғары білім министріне 5-8-сынып оқушылары мен 10-сынып оқушылары қазақ тілінен жыл аяғына дейін емтихан тапсыра алмаса не болаты туралы сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Емтихан мектептерде қазақ тілін оқытуды жақсарту үшін өткізіледі. Нәтижелер ауысуға әсер етпеуі керек (жоғары сыныпқа ауысуға – ред. ескертпесі).

Біз кейбір жерде түсінбеген мен дұрыс орындамаған директорларға (тапсырманы айтып отыр – ред. ескертпесі) міндетті түрде ескерту жасаймыз. Егер ол түсінбесе, одан әрі шаралар қабылданады. Егер ата-аналар осындай фактіге тап болса, онда білім басқармасына, сапаны бақылау департаменттеріне шағымдануға болады – біздің сайттарда телефон нөмірлері жазылған, осы нөмірлерге хабарласуға болады", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Ол қазақ тілінен емтихан биыл алғаш рет енгізіліп отырғанын айтты.

"Сондықтан маған осы емтиханды барынша жоғары деңгейде және сауатты өткізу тапсырылды. Бұл емтихандарда балаларымыздың құқықтарын бұзуға жол берілмейді. Бұл менің бақылауымда", - деп атап өтті министр.

Айта кетейік, биылдан бастап елімізде 5-8, 10-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен емтихан тапсырады. Бұған дейін қазақ тілінен емтиханды тек 9 және 11-сынып оқушылары тапсыратын. Олар да осы пәннен емтихан тапсыруды жалғастырады.

Енді қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша түрде өтеді. Онда тыңдау, айту, оқу және жазу сияқты дағдылар бағаланады. Емтихан тапсырмаларын оқытушылар академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып өздері құрастырған.

Бұл пән бойынша қорытынды бағалар 5-8, 10-сыныптарда емтихан және жылдық бағалау қорытындылары бойынша қойылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104368-oqushylardyng-qazaq-tilinen-tapsyratyn-emtihany-ekinshi-zhylga-qaldyru-qaupi-bar-ma/