jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы облысында шенеуніктермен сөйлесуді талап еткен жұрт тасжолды жауып тастады (видео)

Адамдар жолды жауып тастаған
Алматы облысында адамдар жолды жауып тастаған. Видеодан кадр: КТК

Алматы-Жетіген тасжолының бойында ауыл тұрғындары шенеуніктер келгенше кетпейміз деп жолды жауып тастаған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Ауыл тұрғындарының тілшілерге айтуынша, жақында болған қайғылы оқиғадан олар тасжолдың бір бөлігін жауып тастауға мәжбүр болған, себебі жүк көлігі адамдарды қағып кеткен.

"Бес жыл бұрын да үш адамды жүргізуші қағып, қашып кеткен. Бұл бірінші рет емес, бұл жердегі жолақ түнде көрінбейді. КамАЗ, жеке көліктер сағатына 180-200 км жылдамдықпен жүріп жатыр. Жолақ, жаяу жүргіншілер жолағын, жарықтандыру қоюды, жылдамдық өлшегіш қоюды талап етеміз", - дейді жергілікті тұрғын Нұрия Романенко.

Жолды бөгеп тұрғандардың арасында балалар да болды. Тұрғындардың жолды жабуы салдарынан тасжолда бір километрге созылған көлік кептелісі пайда болды.

Әкімдік өкілдері келгенше жұрт жолдан кетуге бас тартты. Ауыл тұрғындары жолда жарық мүлде жоқ дейді. Түнде жүргізушілер жол белгілерін де, аялдамаларды да, жаяу жүргіншілерді де көрмейді. Олар жол бойына жарықтандырудан бөлек, "Сергек" бейнебақылау камералары мен жылдамдықты азайтуға белгілер орнатуды талап етті.

"Жол белгілерін жарықтандыру алдағы уақытта... Біздің ұйғарымда 13 маусымға дейін деп жазылған. Бірақ біз 10 маусымға дейн бәрін орнатуға тырысамыз. "Сергек" камералары бөлек бағдарлама бойынша жыл соңына дейін кезең-кезеңімен қаржыландыру арқылы қойылады. Көше бойындағы жарықтандыру келесі жылы орта мерзімді жөндеу аясында, бүкіл ұзындығы бойынша орнатылады", - деді Алматы облысы автокөлік жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының бас маманы Алмас Данияров.

Дереккөз: КТК

Алматы облысында шенеуніктермен сөйлесуді талап еткен жұрт тасжолды жауып тастады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.