Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаевтың активтері тексеріле ме: ҚМА төрағасының орынбасары жауап берді

Жарияланған күні:

Бишімбаев сот залында
Бишімбаев ісі бойынша өткен сот отырысынан. Фото: t.me/Jogargy_sot

Мәжіліс кулуарында Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Бишімбаевтың активтерін тексеріле ме деген журналистер сұрағына жауап берді. Журналистер агенттік төрағасы орынбасарының назарын Бишімбаев отбасының активтерін тексеруге қатысты петицияға қол жиналып жатқанына аударды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жеңіс Елемесовтың сөзінше, істі Ішкі істер министрлігі қараған.

"Өздеріңіз білетіндей, істі ІІМ қарады, бізге еш қатысы жоқ. Осы уақытқа дейін біздің агенттікке қатысты қылмыстық іс тіркелген жоқ.

Жалпы алғанда Қазақстан азаматтарының кірісін үнемі тексеріп отырамыз. Заңсыз кіріс түскені анықталған болса, қылмыстық жолмен иемденгеніне күмән туса, біз міндетті түрде тексеру жүргіземіз.

Ал петицияға қатысты айтатын болсақ, петицияға қол жиналып, бізге келсе, біз бұл сұраққа міндетті тұрде назар аударатын боламыз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2104917-bishimbaevtyng-aktivteri-tekserile-me-qma-toragasynyng-orynbasary-zhauap-berdi/