Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік оқушы су тасқыны қаупін ескертетін қондырғы жобасын ойлап тапты

Жарияланған күні:

Жансая Аккулова
Жансая Аккулова ұстаздарымен. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбелік Жансая Аккулова су тасқынының алдын алу құралының жаңа нұсқасын ойлап шығарды. Жас зерттеуші – Мәртөк ауданы №4 орта мектебінің 11-сынып оқушысы. Елдегі жағдайға алаңдаған мектеп түлегінің бұл жобасы әзірге макет күйінде тұр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқушы жобасындағы ылғалдылық сенсоры су деңгейін хабарлап, бірінші Төтенше жағдай қызметіне белгі береді. Су деңгейі қауіпті межеге жеткенде эвакуациялық дабыл іске қосылады.

Өзінің айтуынша, 2022 жылы болған су тасқыны дабыл қағатын дыбыстық құрылғы жобасын құрастыруға себеп болды.

"Бұл құрылғыны аудандағы су тасқыны кезіндегі жағдайды көргеннен кейін ойластырдым. Мәртөк ауданының жанында Жаңақоныс және Қазан ауылдары бар. Ол жақта менің туысқандарым тұрады. Соңғы екі-үш жылда бұл ауылдарға келетін су мөлшері көп болды. Су тасқынының алдын алатын құрылғы жобасын ойластырдым. Және оны мектептегі жетекшілеріме айттым. Мектеп тарапынан құптап, бірге жұмыс істедік", - дейді Жансая Аққұлова.

Жансая Аккулова
Жансая Аккулова ұстаздарымен. Фото: KAZ.NUR.KZ

Жансаяның бұл идеясын жүзеге асыруға ұстаздары көмектескен. Оқушы жобасы түсінікті болу үшін Мәртөк ауылының макетін және оған өзен бассейіндерін жасаған. Ойлап тапқан құрылғы өзен жағалауында орналасады. Ондағы су деңгейі көтерілген кезде құрылғы іске қосылады.

"Ол құрылғы Arduino UNO микроконтроллерімен жасаймыз. Онда DF player mini mp3 модулі және модульдің ішіне микрофлешка бар. Су деңгейі көтерілгенде Arduino-ға дабыл береді. Жобаны ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне көрсеттім. Хабарлама тарату құрылғысын қосу қажеттігін айтты", - дейді жобасын таныстырған оқушы.

Жоба бойынша дабыл қағудың екі деңгейі бар. Алғашқы дабыл құтқару қызметіне түседі. Су деңгейі екінші деңгейге жеткенде дабыл қағылып эвакуацияға дайындалу туралы халыққа ескерту жасайды.

Оқушы жобасы әзірге ғылыми байқауларда жеңіске жетіп жүр.

"Аққұлова Жансая 2022 жылы облыстық "Дарын" ғылыми жобасында осы идеясымен І орын алды. 2023 жылы жобаға өзгертулер қосып, республикалық кезеңге қатысты. Бірақ техникалық ақауларға байланысты байқау кезінде жобамызды көрсете алмай қалдық. Оқушыларымыздың ғылыми жобалары жүлделі орын алып, көпшіліктің қызығушылығын туғызып жүр. Алдағы уақытта дамыта түсеміз. Жарық сөніп қалған кезде күн энергиясы арқылы ауылға жарық беретін жобамыз халықаралық байқаудан үшінші орын алды. Біз оқушылардың идеясын дамытуға көмектесеміз", - дейді физика пәнінің мұғалімі Арнұр Хупыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2103767-aqtobelik-oqushy-su-tasqyny-qaupin-eskertetin-qondyrgy-zhobasyn-oilap-tapty/