Тағы бір қазақстандық ару Эверест шыңын бағындырды
Жарияланған күні:
Бүгін, 23 мамырда тағы бір қазақстандық ару Жәмилә Баширова Эверест шыңын бағындырды. Бұл туралы 14 PEAKS EXPEDITION альпинизм бойынша логистикалық компаниясы мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Біз командамыздың әлемнің биік шыңындағы керемет жетістіктерімен бөлісуге қуаныштымыз! Бүгін, яғни 2024 жылғы 23 мамырда біздің белді альпинистер Эверест шыңына шықты.
Бұл тамаша ерлік біздің экспедициямыздың әрбір мүшесінің қажымас қайраты мен қажырлы еңбегін көрсетеді", - делінген жазбада
Шыңға шыққан альпинистер тізімінде қазақстандық қыз Жәмиля Баширова да бар.
Айта кетейік, 12 мамырда тарихта тұңғыш рет қазақ қызы Анна Бурашева Эверест шыңын бағындырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106081-tagy-bir-qazaqstandyq-aru-everest-shyngyn-bagyndyrdy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.