Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында қар жауып, республикалық маңызы бар жолдар жабылды (видео)

Жарияланған күні:

Ақкөл ауылы
Ақкөл ауылы. Фото: NUR.KZ

Бүгін, 25 мамырда Ақмола облысында қар жауды. Жауған жауын-шашын, қар салдарынан көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

25 мамыр таңертеңнен бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қар, температураның -3-ке дейін төмендеуі) Республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабық: "Екатеринбург - Алматы" 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы).

Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыстар уақытша жабылды.

ТЖМ өкілдері мұның себебі ауарайының қолайсыздығы, атап айтқанда, қардың түсуі және температураның төмендеуі дейді.

Автожолдардың жабылуы Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы мына учаскелерде:

"Екатеринбург-Алматы" 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы)

"Егіндікөл-Жолан" 0-61,3 км

"Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке" 43-119 км, 2

"Жалтыр-Макинск" 0-38 км,

"Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке" 0-43 км,

"Новочеркасское-Егіндікөл" -Қайнар 0-52 км.

Айта кетейік, бүгін Астанада да қар жауады деп болжанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2106804-aqmola-oblysynda-qar-zhauyp-respublikalyq-mangyzy-bar-zholdar-zhabyldy-video/