Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамырда Алматы маңында қар жауды (видео)

Жарияланған күні:

Алматы маңында қар жауды
Алматы маңында қар жауды. Видеодан кадр: t.me/almatynews_kaz

Бүгін Алматы маңындағы тауларда қар жауды. Әлеуметтік желілерде мамыр айындағы ерекше ауа райы құбылысының куәгерлерінің видеолары пайда бола бастады. Ал мегаполистің өзінде күні бойы жаңбыр жауды.

Telegram-дағы Almaty News арнасында Алматы іргесіндегі "Лесная сказка" тау курортында қар жауып жатқанын көрсетілген видео пайда болды. Бірінші кадрда қарға жазылған бүгінгі күн – 26 мамырды көруге болады.

Қардың қалың жауып, көшеде тұрған үстел-орындықтарды жауып үлгергені байқалады.

Telegram-дағы "За нами уже выехали" арнасында тағы бір видео жарияланған. Онда "Ақ бұлақ" демалыс орны түсірілген.

Telegram-дағы Almaty Today арнасында Медеуге жақын жерде қар қалың жауғаны айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2107080-mamyrda-almaty-mangynda-qar-zhaudy-video/