Әділет министрлігі алдында үйіліп тұрған дәретхана қағазына қатысты ведомство өкілдері пікір білдірді (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖеліде Әділет министрлігі ғимаратының жанында үйіліп тұрған дәретхана қағазының суреті пайда болды. Ведомство өкілдері суретке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әділет министрлігі әлеуметтік желіде тарап жатқан фотосуретке қатысты пікір білдірді. Онда министрлік ғимараты алдында бірнеше орам дәретхана қағазы тұрғаны көрсетілген.
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі дәретхана қағазын сатып алмайды. Министрліктер үйінің ғимараттарын күтіп-ұстау және жабдықтау функцияларын жүзеге асырмайды.
Бұл ретте, Министрліктер үйінің 13-ші кіре берісінде Әділет министрлігінен басқа тағы 3 орталық мемлекеттік орган орналасқанын хабарлаймыз. Жоғарыда айтылған ақпарат негізінде жалған мәлімет таратпауға шақырамыз", - делінген хабарда.
Еске сала кетсек, бұған дейін желіде тараған полицейлер үйлерді аралап жүр деген ақпарат қазақстандықтарды шошытқан еді. Бұған пікір білдірген Ішкі істер министрлігі қауесетті жоққа шығарды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108505-adilet-ministrligi-aldynda-uiilip-turgan-darethana-qagazyna-qatysty-vedomstvo-okilderi-pikir-bildirdi/