jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Әділет министрлігі алдында үйіліп тұрған дәретхана қағазына қатысты ведомство өкілдері пікір білдірді (фото)

Дәретхана қағазы
Дәретхана қағазы. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде Әділет министрлігі ғимаратының жанында үйіліп тұрған дәретхана қағазының суреті пайда болды. Ведомство өкілдері суретке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әділет министрлігі әлеуметтік желіде тарап жатқан фотосуретке қатысты пікір білдірді. Онда министрлік ғимараты алдында бірнеше орам дәретхана қағазы тұрғаны көрсетілген.

"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі дәретхана қағазын сатып алмайды. Министрліктер үйінің ғимараттарын күтіп-ұстау және жабдықтау функцияларын жүзеге асырмайды.

Бұл ретте, Министрліктер үйінің 13-ші кіре берісінде Әділет министрлігінен басқа тағы 3 орталық мемлекеттік орган орналасқанын хабарлаймыз. Жоғарыда айтылған ақпарат негізінде жалған мәлімет таратпауға шақырамыз", - делінген хабарда.

Дәретхана қағазы
Дәретхана қағазы. Фото: Әділет министрлігі

Еске сала кетсек, бұған дейін желіде тараған полицейлер үйлерді аралап жүр деген ақпарат қазақстандықтарды шошытқан еді. Бұған пікір білдірген Ішкі істер министрлігі қауесетті жоққа шығарды.

Әділет министрлігі алдында үйіліп тұрған дәретхана қағазына қатысты ведомство өкілдері пікір білдірді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.