jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан мен Ресей шекарасында жүздеген көліктен тұратын ұзын-сонар кезек пайда болды

Жүк көліктері
Көрнекі сурет: Қырғызстан үкіметінің ресми сайты

Қазақстан мен Ресей шекарасында 200 жүк көліктен тұратын ұзын-сонар кезек пайда болды. Неге шекарада ауыр жүк көліктері жиналып қалғанын ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің өкілдері түсіндірді, деп жазады "Мой город" порталы.

Портал мәліметінше, "Сырым" шекара бекетінде жүк көліктері шоғырланғаны байқалады. Мұнда 200-ге жуық ауыр жүк көлігі кезегін күтіп тұр.

ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті өкілдерінің Ресейдің Орынбор облысы бойынша шекара ведомствосының ақпаратына сілтеме жасап хабарлауынша, халықаралық "Маштаково" бекетінде 14-31 мамыр аралығында шекаралық бақылаудың техникалық құралдарына қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Осы кезеңде "Маштаково" арқылы шетелдік жүк көліктерінің өтуі уақытша қиындады. "Маштаково" және "Сырым" автожол бекеттерінің өткізу қабілеті айтарлықтай төмендеді.

Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде "Ақсай", "Шаған" және "Тасқала" автокөлік өткізу бекеттері арқылы балама бағыттарды пайдалануды ұсынамыз", - дейді ведомство өкілдері

Қазақстан мен Ресей шекарасында жүздеген көліктен тұратын ұзын-сонар кезек пайда болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.