jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақмола облысында шопан жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Дәулетбай Кәкеш
Дәулетбай Кәкеш. Видеодан кадр: КТК

Ақмола облысында полицейлер, құтқарушылар мен еріктілер хабар-ошарсыз, жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен шопанды іздестіріп жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Телеарна мәліметінше, 57 жастағы Дәулетбай Кәкеш таяуда ғана шалғайдағы Жарқайың ауданында жұмыс істеп жүрген. Бір апта бұрын ол кенет жоғалып кетті. Ер адамның жұмысқа орналасқанына да көп бола қоймаған.

22 мамырда ферма жұмысшылары шопанды таппай қалған.

Алдымен олар шопанды өздері іздеп, төрт күннен кейін шаруашылық басшысы полицияға көмек сұрап жүгінген.

Қазіргі уақытта шамамен 50 адам шопанды іздеу жұмыстарына қатысып жатыр. Атап айтқанда, полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері және еріктілер.

"Арыз алғаннан кейін полиция қызметкерлері ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырып, жедел-іздестіру шараларына арнайы моторлы қайықтар бөлініп, дрон көмегімен әуеден іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді облыстық полиция департаментінің жетекші маманы Әлия Біләлова.

Дереккөз: КТК

Ақмола облысында шопан жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.