jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Алматыда көшелердің бірінде 15 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы толығымен жабылады

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Құбыр желісін ауыстыруға байланысты ертеңнен бастап Бродский көшесінің бойындағы учаскелердің бірінде көлік қозғалысы 15 қыркүйекке дейін жабылады. Бұл туралы Almaty Joly Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда 1980 жылдан бастап пайдаланылған 1,5 км-ден астам құбыр желісі ауыстырылатыны хабарланды.

"2024 жылдың 3-15 қыркүйегінен бастап Алматы қаласы Жетісу ауданы Бродский көшесінде Казаков көшесінен автобус паркіне дейін көлік қозғалысы жабылады (Бродский көшесі, 37Г)", - делінген Алматы жылу желілері" ЖШС хабарламасында.

Қозғалыс екі бағытта да жабылады.

Компанияның мәліметінше, бұл құбыр 73 нысанды жылы және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Реконструкция кезінде осы аумақта тұратын тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ету тоқтамайды.

"Уақытша қолайсыздыққа түсіністік танытуға және көрсетілген аймақты айналып өтудің жолдарын алдын ала ойластыруды сұраймыз", - дейді компания қала тұрғындары мен қонақтарына.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 40 жылдан асқан құбырды қалпына келтірмекші екені хабарланған болатын. Осыған байланысты 28 мамырдан бастап Шопен көшесінде екі айға көлік қозғалысы жабылады.

Сондай-ақ әкімдік ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін Мақатаев көшесінің бойымен екі бағытта да, атап айтқанда, Жұмабаев көшесінен Павлодар көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады. Бұл шектеу нормативті мерзімі өтіп кеткен жылу трассасын ауыстыру үшін енгізілгені айтылды. Өзгерістер 8 автобус бағытына да әсер етеді.

Алматыда көшелердің бірінде 15 қыркүйекке дейін көлік қозғалысы толығымен жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.