Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейге жол-жөнекей көлікке отырып, жоғалған қыздың денесі табылды: күдікті қамауға алынды

Опубликовано:

Жол.
Жол. Көрнекі сурет: pexels.com

Полиция қызметкерлерінің жүргізген шараларының нәтижесінде Абай облысында 30 жастағы қыздың жоғалып кетуінің мән-жайы анықталып жатыр. Бұл туралы облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Абай облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Елдос Закимовтың айтуынша, кісі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сонымен қатар азаматтарға жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік туралы ескерткім келеді.

Абай облысы полиция департаменті азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады", - деді полиция полковнигі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Абай ауданында 30 жастағы қыздың мәйіті табылғаны хабарланған болатын. Туыстарының айтуынша, ол 26 мамырда сағат 10:00 шамасында Бородулиха ауданындағы "Ауыл" станциясынан Семейге қарай көлікке мінген, содан бері оның қайда екені белгісіз болған.

Туыстары оны алдымен өз бетімен және еріктілердің көмегімен іздеп, кейін полицияға жүгінген. 2 маусымда қыздың өлі күйінде Семей маңында табылғаны белгілі болды. Кейін бұл ақпаратты полиция растап, өлімнің себебі анықталып жатқанын айтты.

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігіне сәйкес адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111541-semeige-zhol-zhonekei-kolikke-otyryp-zhogalgan-qyzdyng-denesi-tabyldy-kudikti-qamauga-alyndy/