ҰБТ-2024: әзірге 138 балл жинаған түркістандық түлек топ бастап тұр
Жарияланған күні:
Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, ең жоғары балл жинады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айдос Ұлттық бірыңғай тестілеуде (ҰБТ) 138 балл жинаған. Бұл көрсеткіш әзірге ел бойынша ең жоғары нәтиже.
Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта "Грант" мектебіне ауысқан. Ол болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.
Әкімдік ақпараты бойынша, биыл Түркістан облысында ҰБТ-ға қатысу үшін 27 340 оқушы өтінім берген. Оның 1 727-і "Алтын белгіге", 2 466-сы "Үздік аттестатқа" үміткер. Жалпы облыс бойынша 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111631-ubt-da-eng-ulken-ball-algan-oqushy-kim/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.