Семейде жоғалып кетіп, артынша денесі табылған қызға қатысты тың дерек шықты
Жарияланған күні:
Абай облысында бір апта бұрын із-түссіз жоғалған қыздың өлі денесі табылды. 30 жастағы Динара Досымбекованың өліміне кінәлі деген күдікпен анасы қамауға алынды, деп хабарлайды KTK арнасы.
Марқұм 26 мамыр күні жоғалып кеткен. Оның із-түзсіз жоғалғанын айтып анасы полицияға арыз түсіріпті. Ол "ауылдан Семей қаласына бармақ болып, қызы таксиге мініп кеткенін" айтқан.
Алайда қаладағы бейнебақылау камераларын түгел тексеріп шыққан полиция қызметкерлері Динараны таппады. Тек бір аптадан кейін өз қызын өлтіріп, мүрдесін жасырып тастады деген күдікпен анасы ұсталды.
Қазір әйел қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Полиция қызметкерлері қабылданған шаралардың нәтижесінде 30 жастағы қыздың жоғалып кету мән-жайы анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті әйел қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды", - деді Абай облысы ПД бастығының орынбасары Елдос Зәкімов.
Дереккөз: КТК
Еске сала кетейік, бұған дейін Семейге жол-жөнекей көлікке отырып, жоғалған қыздың денесі табылғанын, күдікті ұсталғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111724-semeide-zhogalyp-ketip-artynsha-denesi-tabylgan-qyzdyng-anasy-kudikti-retinde-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.